Alstom компаниясының электровоздарға қызмет көрсету жөніндегі Бас сервистік орталығының құрылыс алаңына жұмыс сапары ұйымдастырылды

    Alstom компаниясының электровоздарға қызмет көрсету жөніндегі Бас сервистік орталығының құрылыс алаңына жұмыс сапары ұйымдастырылды

    10 маусым күні Alstom компаниясының электровоздарға қызмет көрсету жөніндегі Бас сервистік орталығының құрылыс алаңына жұмыс сапары ұйымдастырылды

    Alstom – теміржол көлігі саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп, жергілікті өндірісті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және білікті кадрлар даярлауға инвестиция құйып келеді.

    Жұмыс сапарына Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, Alstom компаниясының басшылығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «КТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС, «КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілдері, сондай-ақ Астана даму орталығының мамандары қатысты.

    Іс-шара барысында қатысушылар жобаның іске асырылу барысымен, құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңімен және сервистік орталық құрылысының алдағы жоспарларымен танысты. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері мен компанияның Қазақстандағы өндірістік және сервистік инфрақұрылымын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

    Бас сервистік орталықтың құрылысы 2023 жылы Alstom компаниясы мен Қазақстан Үкіметі арасында жасалған инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылып келеді. Жобаның жалпы құны – 14,5 млрд теңге. Құрылыс 14 гектар аумақта жүргізілуде. Оның аясында 400 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50-ге дейін электровозға қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болады.

    Жаңа нысан елдің теміржол инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, елордадағы өнеркәсіп әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға, өндірісті жергіліктендіруге және теміржол саласына заманауи технологияларды енгізуге серпін бермек.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.