Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады

    Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады

    Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді жұмысының жалғасы болып саналады.

    «RnR Group» ЖШС директоры Виталий Долженконың айтуынша, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2026 жылы пайдалануға берілді, алғашқы өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуді және көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ 350 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын өңірлерде өткізілетін болады.

    https://t.me/KZgovernment

    #Астана #Индустриялықпарк #Қазақстандажасалған #Astana #Индустриальныйпарк

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.