БҚО-да полиция велосипед ұрлаудың бірнеше дерегін ашты

    mvd-zko·
    БҚО-да полиция велосипед ұрлаудың бірнеше дерегін ашты

    Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында жасалған велосипед ұрлығының бірнеше дерегін ашты.

    Анықталғандай, күдікті тұрғын үйлердің аулаларында, базар аумағында және сауда орталығының маңында иелерінің қарауынсыз қалдырылған велосипедтерді ұрлаған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 250 мың теңгеден асты.

    Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған үш велосипед тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

    Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Полиция азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: сенімді ұрлыққа қарсы құралдарды қолдану, велосипедтерді қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмау туралы ескертеді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.