
«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні: 2026 жылғы 25 маусым.
Конкурс өткізу мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Лободы көшесі 20, анықтама үшін телефон: 8 (7212) 56-41-05, [email protected]
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметі Нұра аудан аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.
Байланыстар: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Мынбаева көшесі 104, анықтама үшін телефон: 8 (72144) 79056, [email protected]
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары білімі. Ветеринария саласындағы кәсіпорынның тиісті бейініндегі басшы лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Құжаттарды қабылдау Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады ( www.e-qazyna.kz ).



