Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — демалыстың ерекше маңызды бөлігі болып табылады

    edu-shahtinsk·
    Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — демалыстың ерекше маңызды бөлігі болып табылады

    Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — демалыстың ерекше маңызды бөлігі болып табылады. Дәл сондақтан мектеп жанындағы лагерьлерде қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылады. Күн сайын тәрбиеленушілер мен педагогикалық құрам үшін міндетті жоспарлы және жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Балаларды қолжетімді ойын түрінде жол жүру ережелерімен, көшедегі және тұрмыстағы жеке қауіпсіздік негіздерімен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерімен таныстырады.

    Осы мақсатта лагерь тәрбиеленушілері Шахтинск қаласы мен Шахан кентінің өрт сөндіру бөлімдеріне барды. Кәсіби құтқарушылар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып қана қоймай, арнайы техниканы да көрсетті. «Тентек» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында балалар үшін бассейндегі сабақтар ұйымдастырылып, онда педагогтар мектеп оқушыларын жүзуге және судағы өзін-өзі ұстау ережелеріне үйретті. Мұндай кешенді тәсіл мен кәсіби мамандармен өткізілетін практикалық сабақтар теориялық білімді бекітуге мүмкіндік береді және балалардың жазғы демалысы тек жарқын ғана емес, сонымен қатар барынша қауіпсіз өтуіне кепілдік береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.