
Шахтинск қаласындағы білім беру ұйымдарында да жазғы демалыс басталды. Қосымша білім беру ұйымдарында жазғы бос уақытты тиімді өткізу орталықтары, үйірмелер мен пленэрлер жұмыс істеуде. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде биылғы жылы екі маусымға жоспарланған мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастады. 1-12 маусым аралығында бірінші маусым жұмыс істеп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен пайдалы дағдылар сыйлады.
Әр лагерьдің өз тақырыбы мен бағдарламасы болғанына қарамастан, барлық балаларды ортақ мерекелер мен қалалық іс-шаралар біріктірді.
1 маусым — Жаздың басталуы: Балаларды қорғау күнінде маусымның салтанатты ашылуы өтті.
4 маусым — ҚР Мемлекеттік рәміздері күні: Бұл маңызды мереке интерактивті және әртүрлі формада — патриоттық флешмобтардан бастап, туған елдің тарихын білуге арналған танымдық викториналарға дейін өтті.
5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін лагерьлер экологиялық акциялармен, табиғатқа ұқыпты қарау туралы әңгімелесулермен және шығармашылық байқаулармен қарсы алды.
Бағдарламаның маңызды бөлігі қалалық ұйымдармен тығыз іс-қимыл жасау болды. 5 маусымда балалар Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебіне барып, олар үшін қызықты музыкалық квест ұйымдастырылды.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған «Көңілді мәре» қалалық жарысы бірінші маусымның жарқын қорытындысы болды. Командалық сайыста 3-4 сыныптар арасындағы мектеп жанындағы лагерьлердің тәрбиеленушілері бас қосып, тамаша физикалық дайындықтарын, командалық рух пен жеңіске деген жігерліліктерін көрсетті.
Шахтинск мектеп жанындағы лагерьлерінің бірінші маусымы демалыстың тек көңілді ғана емес, сонымен қатар барынша нәтижелі болуы мүмкін екенін дәлелдеді. Алда балаларды мазмұны бұдан да кем түспейтін екінші маусым күтуде!



