Бұзылық ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Әбжанова Ф.Н. Сұрған ауылының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    aqmola-esil-buzylyk·

    Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері қарастырылып, банк карталарын, мобильді қосымшаларды және әлеуметтік желілерді пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
    Сонымен қатар тұрғындарға ЭЦҚ-ны қашықтан алу бойынша практикалық көмек көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ Tort Tulik мобильді қосымшасына тіркелу және оны пайдалану бойынша қолдау көрсетілді.
    Бұдан бөлек, елді мекенді абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап, өз үйлерінің айналасында тазалық пен тәртіпті сақтау ұсынылды.
    Халықты ақпараттандыру және консультациялық көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

    #Мемлекеттік Қызметтер ЭЦҚ #TortTulik # Интернет Алаяқтық

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.