Республикалық Байқау

    aktobe-til·
    Республикалық Байқау

    📣 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын бастағанын хабарлайды.

    🔹 Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 1 шілде мен 1 тамыз аралығында қабылданады.

    🔹 Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері қатыса алады.

    🔹 Байқау екі кезеңнен тұрады:

    1) «Үздік цифрлық контент»
    Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде #memlekettiktil хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім.

    2) «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер»
    Қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетуге, жеке тәжірибесімен бөлісуге және қазақ тілін күнделікті өмірде әрі кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған нақты жоба.

    ✨ Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгерудегі үздік тәжірибелерін насихаттауға және қоғамдағы тіл мәдениетін дамытуға бағытталған.
    Облыстан жолдама алған үміткерлерді шақырамыз!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.