Қызылорда облысының прокуратурасы «Invest Caravan» акциясы аясында Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі іс-шаралар өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік субъектілерінің мәселелерін жедел шешу және инвестициялық жобалардытікелей жергіліктіжерлерде сүйемелдеу.
Іс-шараға облыс прокуроры РизабекОжаров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы АрдақЗебешов, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ инвесторлар қатысты.
Жұмыс сапары барысында қатысушылар өңірдегі бірқатар маңызды инвестициялық нысандарды аралады, оның ішінде«ЭкоЭнерджиПлюс»ЖШС-ніңавтокөліктерге метан газын құю және сервистік қызмет көрсету кешені, «Тесис»ЖШС-ніңкүн электр станциясы, «Тұрлыбаев»ЖК-ніңкүріш өңдеу зауыты, «Transshipment»ЖШС-ніңкүкірт қышқылын тиеу-түсіру пункті, «Caspian Services Asia» ЖШС кәсіпорны, сондай-ақ «Шалқия-Тас»ЖШС-ніңтемірбетонбұйымдарын шығару және асфальтөндіру зауыттары.
Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 18,8млрдтеңгені құрайды.
Инвесторлармен өткен кездесулер барысында жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері және әкімшілік кедергілерді жою жолдары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша инвесторлар инвестициялық портфельдерін кеңейтуге және өңір экономикасының түрлі салаларында жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
«Invest Caravan» акциясын өткізу өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа өндірістерді дамытуға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115Call-орталығынадереу хабарласуға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы



