Глубокое аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан тұрғындарының назарына
2026 жылғы 16 маусымда сағат 08.30 да Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Ұсынылатын сессияның күн тәртібі:
1) Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер, ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 28/2-VII «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/17-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Глубокое ауданының халқын әлеуметтік-экономикалық қолдау жөнінде келісім жасасу туралы;
5) Глубокое ауданы прокурорының наразылығы туралы;
6) 2026 жылға арналған Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы.
Глубокое аудандық
мәслихатының төрағасы А. Калигожин



