Пойыз жолсеріктері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша семинар өткізілді

    departament-kkbtu-na-transporte·
    Пойыз жолсеріктері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша семинар өткізілді

    Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім аясында, сондай-ақ бақылаудағы субъектілер арасында инфекциялық емес аурулардың алдын алу және «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, жұмыс орнында темекі шегудің, алкогольді тұтынудың және басқа да мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу мақсатында 2026 жылғы 11 маусымда «ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС-нің №75 «Қызылорда – Петропавл» жолаушылар пойызының жолсеріктері арасында семинар өткізілді. Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы қатысты. Семинар барысында темекі шегудің, алкогольді тұтынудың және өзге де зиянды әдеттердің адам денсаулығына, еңбек қауіпсіздігіне және көрсетілетін қызмет сапасына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің зейіннің төмендеуіне, еңбек өнімділігінің азаюына және өндірістік тәуекелдердің артуына ықпал ететіні атап өтілді. Қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.