
Қарағанды өңірінің көлік қызметкерлері арасында туберкулез ауруының тіркелуіне байланысты жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық тергеп-тексеру шеңберінде, халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК фтизиатр дәрігерінің қатысуымен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Қарағанды қаласындағы филиалының Ақадыр станциясындағы атқыштар командасы қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында туберкулездің жұғу жолдары, аурудың негізгі белгілері, алдын алу шаралары және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың мәні, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік түрлері және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат берілді. Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыптық жадынамалар мен ақпараттық брошюралар таратылды.



