
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланулардың және инфекциялық, паразиттік аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында 2026 жылғы 8 маусымда Ақадыр станциясының теміржол вокзалы аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге, теміржол қызметкерлеріне және жолаушыларға туберкулездің және тағамнан уланудың алдын алу тақырыптары бойынша радиодәріс өткізді. Іс-шара соңында инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша өзекті тақырыптарды қамтитын ақпараттық жадынамалар таратылды.



