Ұлан ауданында прокуратура актісі бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін берудегі кедергілер жойылды

    prokuratura-vko·

    ШҚО Ұлан ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласын талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жөніндегі конкурсты ұйымдастырудағы бұзушылықтарды анықтады.

    Тексеруге Кәсіпкерлер палатасы Ұлан аудандық филиалының өтініші негіз болды. Жергілікті атқарушы органның 4 учаске бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына конкурс жариялағаны анықталды.

    Алайда, өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылмаған, қатысушылардың өтініштері екі айдан астам уақыт бойы қараусыз қалған, бұл негізсіз әкімшілік кедергілер тудырып, азаматтардың шаруашылық жүргізу құқықтарын шектеген және жердің экономикалық айналымға тартылуына кедергі келтірген.

    Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша аудан прокуратурасы аудан әкімінің атына қадағалау актісін енгізді.

    Прокурорлардың араласуының арқасында конкурстық рәсімдер толық аяқталып, өтінімдер қаралды, ал учаскелер бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Нәтижесінде конкурсқа қатысқан 6 адамның құқығы қорғалып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында қалады.

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.