
Қызылащы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен жастармен кездесу өткізіліп, «Қауіпсіз интернет және медиасауаттылық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға интернет желісіндегі алаяқтық әрекеттер, жалған ақпараттың таралуы, деструктивті және экстремистік мазмұндағы материалдардың зияны туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында жастарға әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау, күмәнді ақпарат көздерін ажырату және заңсыз контенттен сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Аталған бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылуда.



