Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

    maslihat-fedorov·
    Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 3 маусымда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

    1. 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

    «Жазғы науқан – 2026» «Қызықты демалыстар мектебі» бірыңғай атауымен өтеді. Күндізгі лагерьлерде балалардың бос уақыты 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 шілдесі аралығында ұйымдастырылады.

    2026 жылдың жазғы кезеңінде мынадай жұмыс нысандары сақталады: мектеп жанындағы алаңдар, еңбекпен қамту, клубтар, қызығушылықтар бойынша үйірмелер қызметі шеңберінде шығармашылық жұмыспен қамту, зияткерлік жұмыспен қамту, спорттық-туристік жұмыспен қамту.

    Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін Жалпыға бірдей білім беру қорының қаражаты есебінен «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне жолдамалар сатып алынды.

    Ауданның барлық білім беру ұйымдарына жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құру туралы білім бөлімінің бұйрығы жолданды.

    1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы.

    Аудандағы жастар саясаты ҚР заңнамасына сәйкес іске асырылып, жастардың қабілетін іске асыруы үшін жағдай жасауға, азаматтық белсенділікті дамытуға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға, жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуға, бастамаларды қолдауға және жастарды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған заманауи идеологиялық және құндылық тәсілдеріне негізделгені атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және т.б. ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына көп көңіл бөлінеді.

    Федоров ауданы

    Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.