
Департаменттің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Г.К.Уздембаева Павлодар облысы мектептерінің бірінің директорына қатысты мәселе қаралған кезектен тыс отырыс өткізді.
Мәселені қарауға Департаментке келіп түскен өтініш негіз болды. Өтініште педагогикалық әдеп нормаларын, қызметтік әдеп қағидаларын, сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактілері жөнінде шағымдар көрсетілген.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды қарап, мүдделі тараптардың түсініктемелерін тыңдап, өтініште көрсетілген мән-жайларға қолданыстағы заңнама мен кәсіби әдеп нормаларының сақталуы тұрғысынан баға берді.
Қарау қорытындысы бойынша Кеңес өз құзыреті шегінде тиісті ұсынымдар әзірлеп, шешімдер қабылдады. Отырыс материалдары заңнамада белгіленген тәртіппен одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.



