
Новопокров ауылдық округінде жеке кәсіпкерлермен іргелес аумақтарды абаттандыру және тиісті санитарлық жағдайда ұстау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Әңгімелесу барысында қоқысты жинау, шөп шабу, бекітілген учаскелерде тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша талаптар түсіндірілді. #тазақазақстан



