Камышенка ауылында референдум мәселелері бойынша шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өтті

    borodulihamaslikhat·
    Камышенка ауылында референдум мәселелері бойынша шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өтті

    2026 жылғы 5 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, аудандық мәслихат депутаты Кудушев Айтуған Ғабдулғазизұлы және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Конорбаев Эльдар Төлегенұлы Камышенка ауылының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

    Кездесу барысында қатысушыларға алдағы референдум туралы ақпарат беріліп, еліміздің Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Барша тұрғындар өздерінің азаматтық құқығын пайдаланып, 15 наурыз күні сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдіруге және дұрыс таңдау жасауға шақырылды.

    «Бізге еліміздің тағдыры бейжай емес. Біз қабылдайтын шешімдер біздің және балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына әсер етеді», – деп атап өтті Сәуле Тұрсынқызы.

    Кездесу соңында қатысушыларға алғыс айтылып, келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау жолданды. Баршаға мықты денсаулық, бейбіт аспан, еліміздің әрі қарай дамуы мен өркендеуі тіленді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.