Қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау» республикалық жобасы аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ақпараттық челлендж ұйымдастырды.
Челлендж барысында қызметкерлер «Заңды құрметтеу мен үшін нені білдіреді?» деген сұраққа жауап беріп, заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, қоғам алдындағы жауапкершілік және заңның әділдік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Аталған іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға деген құрметті нығайтуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.



