«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·

    Ағымдағы жылдың 11 маусымында «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңіндегі мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.

    Қызметтің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар ұсынылды.

    Талдау нәтижесінде 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері тіркелген жоқ. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.