Адалдықтың ақиқаты – елжанды азамат

    zhetysu-alakol-zhaipak·
    Адалдықтың ақиқаты – елжанды азамат

    Жайпақ ауылдық округі әкімдігі, мектеп ұжымы және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Жайпақ ауылында туып-өскен, елге танымал қос тұлғаның өнегелі өмірі мен еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Адалдықтың ақиқаты – елжанды азамат» атты еске алу конференциясы өткізілді.

    Іс-шарада журналист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Ғалым Төлембекұлы Доскенов пен «Аспанның ақиығы» атанған әскери ұшқыш, авиациялық эскадрилья командирі, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Ерлан Жылқыбайұлы Науанов туралы тағылымды естеліктер айтылып, олардың елге сіңірген еңбегі мен азаматтық болмысы кеңінен насихатталды.

    Конференция барысында жастарға қос тұлғаның өмір жолы үлгі етіліп, отансүйгіштік, адалдық, еңбекқорлық және елге қызмет ету құндылықтарының маңызы дәріптелді.

    Осындай тағылымды шаралар арқылы туған жердің ардақты азаматтарын ұлықтап, олардың өнегелі өмірін кейінгі буынға жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.