2026 жылғы 12 маусымда Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №62 түзеу мекемесінде құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
Іс-шараға Адвокаттар алқасының адвокаты Б. Бегаев және Нотариаттық палатаның нотариусы С. М. Нұрмағанбетова қатысты.
Акция барысында сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.



