Полиция департаментінде интернет-алаяқтық пен киберқылмыстарды тергеу мәселелері бойынша семинар өтті

    mvd-mangystau·
    Полиция департаментінде интернет-алаяқтық пен киберқылмыстарды тергеу мәселелері бойынша семинар өтті

    2026 жылғы 10 маусымда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Интернет-алаяқтықтармен, криптовалютаның заңсыз айналымымен, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы өзге де қылмыстармен байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

    Іс-шараға ҚР ІІМ Заң және нормашығармашылықты үйлестіру департаментінің басқарма бастығы Т. Тажин мен Жедел-криминалистикалық департаментінің криминалисті Д. Рапишев қатысты. Семинарға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

    Кездесу барысында цифрлық технологиялар дәуіріндегі өзекті міндеттер, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және оларды ашу, криптовалютаның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеу барысында туындайтын мәселелер жан-жақты талқыланды.

    ҚР ІІМ мамандары киберқылмыстарды тергеудің заманауи әдістері мен тәжірибелері туралы айтып, жедел-тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне практикалық ұсынымдар берді. Сонымен қатар қылмыстық істерді тергеу барысында заңнаманы қолданудың ерекшеліктері түсіндірілді.

    Семинар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін күшейтуге бағытталды.

    https://www.instagram.com/reel/DZfBBjoMB4Y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.