
2026 жылғы 4 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Конорбаев Эльдар Төлегенұлы және еңбек ардагері, Бородулиха ауданының Құрметті азаматы Лазурин Сергей Николаевич Переменовка және Андроновка ауылдарының мектептерінің педагогикалық ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қатысушыларға алдағы референдум туралы ақпарат беріліп, еліміздің Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.
Кездесу соңында Сәуле Тұрсынқызы кез келген прогресс өзгерістерсіз мүмкін еместігін атап өтті. Егер біз Қазақстанды әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде көргіміз келсе, қажетті реформаларды қолдауға дайын болуымыз керек екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды ағымдағы жылдың 15 наурызында сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге және дұрыс таңдау жасауға шақырды.



