Жезкент кентінің тұрғындарымен Конституциялық реформалар мәселелері талқыланды

    borodulihamaslikhat·
    Жезкент кентінің тұрғындарымен Конституциялық реформалар мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 4 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Конорбаев Эльдар Төлегенұлымен, еңбек ардагері, Бородулиха ауданының Құрметті азаматы Лазурин Сергей Николаевичпен бірге Жезкент кентінің тұрғындарымен кездесті.

    Кездесу барысында еліміздің Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың құқықтық негіздері түсіндірілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік қағидаттарын нығайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында Сәуле Тұрсынқызы кез келген ілгерілеу өзгерістерсіз мүмкін еместігін атап өтті. Егер біз Қазақстанды әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде көргіміз келсе, қажетті реформаларды қолдауға дайын болуымыз керек екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды ағымдағы жылдың 15 наурызында сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге және дұрыс таңдау жасауға шақырды.

    Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жауаптар беріліп, тиісті түсініктемелер ұсынылды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.