Әр тұрғынға қамқорлық- Үкіметтің басты міндеті

    ulytau-zhanarka-eraliev·
    Әр тұрғынға қамқорлық- Үкіметтің басты міндеті

    Ералиев ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
    Ауылдық округте «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.
    Аталған іс-шараға Ұлытау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әбішев Қуанышбек Қайырбекұлы, сондай-ақ ауылдық округ әкімі Мамбетов Ербол Шубайұлы қатысты.
    Кездесу барысында қатысушыларға «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары және жүзеге асыру тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарына жеңілдетілген микрокредит беру мүмкіндіктері, оның ішінде несие мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және қаржыландыру бағыттары туралы толық ақпарат ұсынылды.
    Сонымен қатар, жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Бағдарламаны таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген — несиелендіру бөлімінің басшысы Рамазан Мұқағали.
    Аталған іс-шара ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.