Жолаушыларды ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру

    pavlodar-ertis·

    2026 жылдың 3 шілде айында сағ.15.00-де Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі 99, 7 кабинет мекенжайы бойынша өтетін жолаушыларды және жүктерді тасымалдайтын, маршруттардың қызметтерінің құқығы туралы «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ конкурс жариялайды.

    Конкурсқа келесі маршрут қойылады:

    - Майконыр ауылы - Ертіс ауылы – Майконыр ауылы;

    Конкурсқа жеке меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары (автобустар, микроавтобустар) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды және жеке тұлғалар қатысады;

    Конкурсқа қатысушылар «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ конкурстық комиссияға өтінімін электронды поштаға [email protected] немесе жазбаша түрде Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі 99,

    7 кабинет мекенжайына ұсына алады.

    Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысушыларды тіркеу күнінің соңғы қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 19 маусым айы.

    Конкурсты өткізу сұрағы бойынша 2026 жылдың 15 маусым айында конкурстық Комиссия алдын ала конкурстық конференция өткізеді.

    Анықтама алу үшін 2-22-59, 2-15-22 осы телефон нөмірлері бойынша жүгініңіз.

    Ертіс ауданының экономиканың

    нақты секторы бөлімі

    басшысының м.а. А. Казиханов

    Конкурс бойынша хаттама

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.