
«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде әзірленген ұсынымдар мен талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 18:00-де офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны: Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31-үй, 3-қабат, аудан әкімдігің мәжіліс залы.



