
Қызылащы ауылдық округінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және діни радикализмнің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының оқушылары мен жастардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін кері әсері, интернет желілеріндегі күмәнді ақпараттардан сақтану жолдары және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, заңды құрметтеудің және діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық білім деңгейін көтеруге, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, сондай-ақ діни радикализмнің алдын алуға бағытталды.



