Бүгін жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

    aqmola-selinograd·
    Бүгін жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

    Қазақстанда жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні атап өтіледі. Олардың еңбегінің арқасында күнделікті өмірімізде сапалы киім, ыңғайлы аяқ киім, тоқыма өнімдері және басқа да қажетті бұйымдар шығарылады. Әрбір өнімнің артында кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық жатыр.

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 22,6%-ға артып, 259,5 млрд теңгені құрады. Өсімнің негізгі үлесі өндіріс көлемі 159 млрд теңгеге жеткен тоқыма өнеркәсібіне тиесілі болды.

    Бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласында 18 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырған 1,4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

    Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.