
Округ тұрғыны ауылдық округ әкімдігі ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының көмегімен қажетті мемлекеттік қызметті алды. Қызмет алу барысында мамандар тарапынан тиісті кеңес беріліп, электрондық үкімет порталы арқылы өтінім рәсімделді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі қолайлы түрде алуына мүмкіндік береді. Мұнда азаматтар түрлі анықтамаларға тапсырыс беріп, өтініштер жолдап, электрондық қызметтерді өз бетінше пайдалана алады.
Мұндай бастамалар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге және цифрлық қызметтерді кеңінен қолдануға ықпал етеді.



