
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Краснознаменное ауылында арамшөптермен күресу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында қоғамдық орындарда, көше бойларында, жалпы пайдаланатын жерлерде шөп шабылды. Бұл жұмыстар санитарлық жағдайды сақтап, ауылдың келбетін жақсартуға бағытталған.



