Ойшілік ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    abay-sport·
    Ойшілік ауылында жаңа спорт кешені ашылды

    Абай облысының әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданына жұмыс сапары барысында Ойшілік ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтады.

    Мемлекеттік жеке әріптестік аясында «Сарман 7» ЖШС салған заманауи спорт нысаны ауыл жастарының бұқаралық спортпен шұғылдануына кең мүмкіндік береді. Кешен әмбебап спорт залы, жаттығу және күрес залдары, медициналық кабинет, киім ауыстыру және душ бөлмелерімен жабдықталған. Бір мезетте 46 адамға дейін қабылдай алады.

    Ғимаратта қауіпсіздік пен қолайлылық талаптары толық сақталған. Өрт дабылы жүйесі, бейнебақылау, инженерлік желілер және мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолайлы жағдайлар қарастырылған.

    Сонымен қатар спорт модулінің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылған. Жаяу жүргіншілер жолдары, демалыс аймақтары мен велосипед тұрағы ауыл инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.