Іске адалдық пен мамандыққа беріктік

    ksek·
    Іске адалдық пен мамандыққа беріктік

    Медицина қызметкері күні қарсаңында өмірін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне арнаған мамандар туралы баяндаймыз.

    Розалина Асқарқызы Ермекпаева денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. 1994 жылы КСРО Медицина ғылымдары академиясының Тамақтану институтында (Мәскеу қаласы) кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Еңбек жолында Жезқазған облысы ІІБ санитариялық-эпидемиологиялық қызметін басқару, эпидемиолог дәрігер, Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде басшылық және сарапшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

    Қазіргі таңда Розалина Асқарқызы Комитеттің бас сарапшысы болып қызмет атқарады. Көп жылғы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен, Құрмет грамоталарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және басқа да марапаттармен наградталған.

    Оның кәсіби жолы – жоғары кәсібиліктің, мамандыққа деген адалдықтың және халық денсаулығын қорғау ісіне қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.