«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әзірленген ұсынымдар мен ішкі талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға бұйрыққа сәйкес жауапты тұлға, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 16:00-де офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Павлова көшесі, 11А-үй, «Тоғызақ арена» ғимараты, 2-қабат, № 202 кабинет.



