Ауыз суға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Суды үнемді пайдаланудың маңызы

    departament-kkbtu-zko·
    Ауыз суға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Суды үнемді пайдаланудың маңызы

    Ауыз су – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауыз су және шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арналған табиғи күйдегі немесе өңделгеннен кейінгі су. Адам денсаулығына қауіпсіз болуы үшін оның құрамы мен сапасы белгіленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс. Жалпы ауыз судың органолептикалық көрсеткіштері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы, лайлығы 2 мг/л –ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болуы шарт. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитариялық талаптар қойылады. Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығына сәйкес келеді.
    Ауыз судың сапалы болуы түрлі аурулардан сақтайды. Атап айтқанда, ауыз суда фтордың мөлшерден төмен болса ауыз қуысында флюороз және кариес аурулары. Темір, кобальт пен мыстың жетіспеуінен – анемия немесе қан аздық ауруы. Бордың мөлшерден аз болуынан асқазан ауруларына. Никельдің кем болуы көз ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Элементтері жоқ сулар яғни дистелденген, тұзсыздандырылған, минералсызданған су адам ағзасына пайда әкелмейтін, тіпті денсаулықты нашарлататын өлі су. Ол тірі ағзаның теңгерімсізденуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, көрсеткіштердің шамадан тыс көп болуы да адам ағзасына зиянын тигізеді.
    Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулар бүкіл әлемде таралуы мүмкін. Сумен таралатын жұқпалы ауруларға А, В паратифтер, дизентерия, түрлі энтериттер, мәселен энтероколиттер, жұқпалы гепатит А, тырысқақ жатады. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында су сынамалары жыл бойы бақылау нүктелерінен тоқсанына кемінде бір рет алынып, зертханалық тексерулер жүргізіледі.
    Бүгінгі күні елімізде су ресурстарын сақтау мәселесі өте өзекті болып отыр.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.