Аудан намысын қорғады

    bko-karatobe·
    Аудан намысын қорғады

    Аудан намысын қорғады
    Ағымдағы жылдың 30 мамыр – 1 маусым күндері Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде 2013–2014 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында КСРО спорт шебері Иват Еришевті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
    Аталған жарыста Қаратөбе ауданының намысын қорғаған Саралжын ауылының «AQBAQAI ARLANDARY» командасы жүлдемен оралды. 46 келі салмақ дәрежесінде белдескен Тасқын Қайрат ІІІ орын алып қола жүлдеге ие болып, қазақ күресінен СШҮ (спорт шеберіне үміткер) нормативін орындады.
    – Аталған турнирге қатысуымызға қолдау білдірген Қаратөбе ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Екпін Батырханұлына және Мырзағалиев Дауылбай ағама үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген шәкірттерімнің ата-аналарына да шын жүректен рахмет айтамын. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында ауыл балалары жылдан жылға жоғары нәтижелер көрсетіп келеді, - дейді команда бапкері Ертілеу Еленбайұлы.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.