Ойыл жастары облыс әкіміне өз ұсыныстарын жеткізді

    aktobe-uil·
    Ойыл жастары облыс әкіміне өз ұсыныстарын жеткізді

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданының жастарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар бастамаларын қолдау, жас мамандардың өзін-өзі дамытуы және өңірдегі жастар саясатының келешегі талқыланды.

    🏢 Кездесу 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін Жастар ресурстық орталығында өтті. Орталық азаматтық белсенділікті арттыру, жастар бастамаларын қолдау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жобаларды жүзеге асырады. Мекеме демеушілердің қолдауымен салынған жаңа ғимаратта орналасқан. Нысан 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріліпті.

    🎓 Жастармен жүздесу кезінде өңір басшысы мемлекет тарапынан білім алу, кәсіби өсу және заманауи құзыреттерді дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалып жатқанын алға тартты.

    📌 Кездесуде аудан жастары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Жас мамандардың атынан сөз сөйлеген Әсет Дайынова жастар мәселелеріне көңіл бөлгені үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

    ✅ Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі жастардың белсенділігі ауданның дамуына серпін беретін маңызды фактор екенін атап өтіп, барлық перспективалы бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    «Ең бастысы – идея болуы керек. Оларды жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетіледі», – деді өңір басшысы.

    📌 Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Шахаров жастар бастамаларын іске асыру жұмыстарын күшейту, жастар жобаларының ауқымын кеңейту және жастарды ауданның қоғамдық өміріне белсенді тартуды тапсырды.

    🏫 Аймақ басшысы Ойыл ауылында былтыр пайдалануға берілген жаңа мектептің тыныс-тіршілігін көрді. 320 орындық білім ордасында бүгінде 109 оқушы білім алуда. Мектепте 21 педагог еңбек етеді.

    📍 Сондай-ақ өңір басшысы ауылдағы балабақшаға барды. Қазіргі уақытта мұнда 30 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі мекемеде қосымша топтар ашу жоспарланып отыр.

    🌟 Әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан Асхат Шахаров білім беру инфрақұрылымының сапасын одан әрі арттырудың және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.