Омбыда Ресей мен ТМД елдерінің шекаралас аумақтарының халықаралық форумы жалғасуда

    mfa-omsk·
    Омбыда Ресей мен ТМД елдерінің шекаралас аумақтарының халықаралық форумы жалғасуда

    10-12 маусым аралығында Омбы облысы «Достық шынайы және адал болсын!» халықаралық форумында Ресейдің шекаралас аумақтары мен ТМД елдерінің өкілдерін қабылдауда.

    Үш күндік іс-шара Ресей аймақтарының билік, мәдениет, ғылым және жастар ұйымдарының өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан, Беларусь және Өзбекстан қонақтарын біріктіреді.

    Жыл сайынғы форум ТМД елдері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға бағытталған халықаралық және өңіраралық мәдени ынтымақтастықты дамыту үшін диалог алаңы болып табылады.

    Бас консул Керім Қожамбердиев форум қатысушыларының шығармашылық ұжымдарының гала-концертіне және «Ұлттар шеруіне» қатысып, ресейліктерді Ресей күнімен құттықтады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.