
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары ауыл тазалығына үлес қосуда. Жастар өздеріне жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, егілген ағаштарды суару, қураған шөптерді шабу, ауыл көшелерін тазалауды ұйымдастыруда.
Бұл шараның басты мақсаты –ауыл ішін тазалау, табиғатты аялауға баулу, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру болды.
Тазалық - әр азаматтың борышы!
Таза ел - таза болашақ!
Таза Қазақстан - таза Ауыл!



