«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 11 маусымында 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Қызметтің негізгі бағыттары бойынша талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жоқ. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік орган жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.



