
Департаменттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Р.Әбдіраманов «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі» қалалық комиссияның жұмысына қатысып, ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуы бойынша және қала көлемінде шаруа қожалықтарына, құрылыс обьектілеріне жүргізілген мониторинг және көлік жуу кешендерінде, компьютерлік клубтарда, мейрамханаларда және т.б. обьектілерде кәмелет жасқа толмағандардың еңбегін пайдалануға жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасап, аталған бағыттағы шаралардың қатаң бақылауда екенін жеткізді.



