
2026 жылдың 11 маусымында Дін істері жөніндегі басқармамен
«Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласы бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің әлеуметтік маңызды жобаларын іске асырушы ҮЕҰ өкілдерімен («Интеллектуальный центр Инновационное образование», «Торғай-2024», «Прогрессивная молодежь», «Социум & Я», «Жангельдинская молодежная организация «Жалын» ҚБ, «Ассоциация психологов Костанайской области» ҚҚ және
«Ел ертеңі»ЖҚБ) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының іске асуына жауапты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында діни қызмет саласында әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру бойынша мәселелер, ҮЕҰ жобаларды іске асыру кезінде діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, діни саладаағы мемлекеттік саясатты ілгерлету және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша ақпараттық және қарсынасихаттау материалдарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.



