«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    kgd-gdu·
    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №55 ««Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - БДБ) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

    Жұмыс тобының басшысы - БДБ басшысының орынбасары Д.С. Насыров; жұмыс тобының мүшелері: БДБ «Ахуалдық орталық» басқармасының басшысы Д.О. Тлекеев, БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының басшысы Б.Н. Испанов, БДБ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының басшысы Г.А. Алиасхарова, БДБ Әкімшілік басқармасының басшысы С.С. Саурамбаева, БДБ Әкімшілік басқармасы персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы У.А. Ахметова, БДБ Заң бөлімінің басшысы М.С. Асанбаева.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 17 сәуірден бастап 2026 жылғы 3 маусымға дейін.

    II. СИПАТТАМАЛЫҚ БӨЛІМ

    1.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілер және ішкі құжаттар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    БДБ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда талдау жүргізу кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

    2. Персоналды басқару бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: 01.04.2026ж. жағдай бойынша БДБ-ның жалпы штаттық саны 134 бірлікті (нақты саны – 117 бірлікті) құрайды.

    01.04.2025ж. - 01.04.2026ж. аралығындағы кезеңде 22 қызметкер қызметтен босатылды, оның ішінде:

    • өз еркінмен – 15;
    • басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты – 5;
    • өзге де негіздер бойынша – 2.

    01.04.2025ж. - 01.04.2026ж. аралығындағы кезеңде БДБ-ның 20 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    БДБ-да мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметкерлер анықталған жоқ.

    БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргізу кезеңінде персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    3. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметкерлерінің лауазымдық функцияларын орындау барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

    БДБ Әдеп жөніндегі уәкілі, басшының орынбасары Б.А. Айнакулов мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, соның ішінде мүдделер қақтығысының талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп тұрады.

    БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргізу кезеңінде мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде 247 293 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша – 124 215 және заңды тұлғалар бойынша – 123 078. Барлық қызметтер электронды форматта көрсетілді.

    Бұдан бөлек, БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 119-бабына сәйкес тауарларды жіберудің белгіленген мерзімдерінде көрсетілді.

    Осылайша, тіркелген сәттен бастап, алғашқы 4 сағат ішінде 130 638 ТД (53%), бір тәулік ішінде 38 562 ТД (16%), 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде 76 088 ТД (31%), кедендік сараптама мен тексеру жүргізілуіне байланысты 10 жұмыс күнінен астам мерзімде – 2 005 ТД (0,8%) жіберілді.

    БДБ қызметінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргузі кезеңінде рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    6. Бақылау функцияларын іске асыру бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ бақылау функцияларын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде бюджет және қаржы қаражатын игері және бөлу бағыты бойынша сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    8. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде жасалған шарттардың жалпы саны 36 құрайды, оның ішінде 15 – жеке тұлғалармен, 21 – заңды тұлғалармен жасалған.

    БДБ қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    9. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 410-бабының 1-тармағына сәйкес, егер кедендік декларацияны беру кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмесе, кеден органы декларанттан тексерілетін мәліметтерге қатысты кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы. Құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу келесі жағдайларда жіберіледі:

    1) тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған;

    2) тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан мәліметтерді кеден органының Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес алуы мүмкін болмаған жағдайларда.

    Осылайша, қазіргі уақытта сұрау салу қағаз жеткізгіште ресімделіп, содан кейін уәкілетті лауазымды тұлға (бұдан әрі – БДБ) қол қойған сканерленген нұсқасы АЖ-ға бекітілетіндіктен, сондай-ақ әрбір құжат бойынша сұрау салуды қызметкер АЖ-да қолмен толтыратындықтан, сұрау салудың белгіленген мерзімде жіберілмей қалу тәуекелі туындайды.

    Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Процесті УЛТ-ның қатысуынсыз АЖ тарапынан автоматты түрде сұрау салу деңгейінде процесін автоматтандыру.

    Күтілетін нәтиже: УЛТ тарапынан кеден заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 26.05.2026ж. №КГД-14-1-12/12483-ВН жауабына сәйкес, қазіргі уақытта «КЕДЕН» АЖ-да «ҚР-дағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның араласуынсыз құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдаудың автоматтандырылған процесі іске асырылған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 26.05.2026ж. №КГД-14-1-12/12483-ВН жауабына сәйкес, қазіргі уақытта «КЕДЕН» АЖ-да «ҚР-дағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның араласуынсыз құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдаудың автоматтандырылған процесі іске асырылған.26.05.2026ж. №КГД-14-1-12/12483-ВН жауабына сәйкес, қазіргі уақытта «КЕДЕН» АЖ-да «ҚР-дағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның араласуынсыз құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдаудың автоматтандырылған процесі іске асырылған.

    Аталған тетік адами факторды болдырмау және процестің ашықтығын қамтамасыз ету есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

    10. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.