
2026 жылдың 4 маусымы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Обаған жалпы білім беретін мектебінің жазғы лагерьге қатысушы оқушылары арасында «Патриотизм дауысы» акциясы ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Мемлекеттік Әнұранды ерекше мақтанышпен, асқақ үнмен орындады.
Бұл шара - өскелең ұрпақтың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, еліміздің басты құндылықтары мен рәміздеріне деген терең құрметінің жарқын көрінісі. Егемендігіміздің айғағы болған Әнұранымыз әрдайым асқақтай берсін!



