Біліктілікті арттыру курсы өтуде

    zhambyl-densaulyk·
    Біліктілікті арттыру курсы өтуде

    Біліктілікті арттыру курсы өтуде

    Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Бұл бастама – өңірдегі балалар денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге арналған маңызды қадамдардың бірі.

    Оқу бағдарламасы ДДСҰ 2023 жылғы нұсқаулығына негізделіп, балалық шақ ауруларын интеграцияланған жүргізу тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Курстың мазмұны теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, мамандардың күнделікті жұмысында тиімді қолдануға арналған дағдыларды қалыптастыруды көздейді.

    Біліктілікті арттыру курсына арнайы қатысқан басқарма басшысы Сержан Назарбек бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды:
    – «Мұндай оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық стандарттарға сай медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді. Балалар денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің бірі. Сондықтан мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау әрдайым басты назарда», – деді ол.

    Жалпы ұзақтығы 60 сағатқа жоспарланған курсқа облыстың әр ауданынан және түрлі медициналық ұйымдарынан келген 40 маман қатысуда. Оқу барысында қатысушылар теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, тәжірибелік дағдыларын да жетілдіруде.

    Оқу процесін ұлттық деңгейдегі тәжірибелі мамандар жүргізуде. Олардың қатарында PhD кандидаты, доцент, педиатр Зәуре Мұратқызы Оспанова және ЮНИСЕФ бағдарламалары бойынша ұлттық мастер-тренер Баян Наманқызы Бабаева бар.

    Мұндай кешенді оқыту курстары медицина қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттырып, өңірдегі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.