
Солтүстік Қазақстан облысының Әдістемелік орталығы 2026 жылғы 11 маусымда мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларымен, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерімен онлайн форматта кеңес ұйымдастырды. Кеңесте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген, жаңадан қолданысқа енгізілген Қағидаларға сәйкес аттестаттауға дайындық мәселелері қарастырылды.
Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.А. Панарина шақырылды.
Департамент қызметкері аттестаттаудың негізгі кезеңдерін түсіндіріп, аттестациялық комиссия мүшелерінің білім беру ұйымының қызметін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпарат көздерін көрсетті, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматын құрайтын рәсімнің ерекшеліктеріне назар аударды. Түскен сұрақтарға жауаптар берілді.



