
Шарын ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары аясында 3900 гектар жерге жүгері егілді. Қазіргі уақытта жүгері алқаптарында күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, егістікке минералды тыңайтқыштар — аммиак селитрасы, карбамид және басқа да тыңайтқыштар себілуде.



