Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа қағидалары қолданысқа енгізілді

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа қағидалары қолданысқа енгізілді

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа қағидалары қолданысқа енгізілді

    2026 жылғы 17 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа қағидалары қолданысқа енгізілді.

    Аттестаттау қағидаларын жаңартуға 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабы негіз болды. Аталған бапқа сәйкес мемлекеттік аттестаттау енді мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бармай профилактикалық бақылау), керісінше білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.

    Департамент тарапынан жаңа қағидаларды практикалық қолдану мәселелерін түсіндіруге бағытталған түсіндіру сипатындағы семинарлар топтамасы басталды. Ағымдағы жылғы 10 маусымда «Ивушка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК базасында өңірімізде мемлекеттік аттестаттаудан жаңа қағидалар бойынша алғашқылардың бірі болып өтетін Петропавл қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері шақырылды.

    Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Т. Таласбаева, Департамент қызметкерлері М.А. Панарина мен Д.М. Казиева қатысушыларға жаңадан әзірленген өлшемшарттар мен дескрипторларға сәйкес тәрбиелеу-білім беру қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.